ITB China – жыл сайын әлемнің 80 елінен 600-ден астам экспонент пен іріктелген 1 000 байер қатысатын, 15 000-нан астам туризм саласының кәсіби мамандары бас қосатын халықаралық туристік көрме.
Қазақстан ITB China халықаралық көрмесіне алғаш рет қатысуда.
Қазақстан стенді көрме ұйымдастырушылары өткізген ресми VIP-тур бағдарламасына енген санаулы елдердің қатарына кірді — 500-ден астам экспоненттің ішінен небәрі 12 ел таңдап алынған.
Көрмедегі ең үлкен халықаралық стендтердің бірі Қазақстанға тиесілі. Биыл алғаш рет мына өңірлер бірыңғай ұлттық делегация құрамына енді:
-Астана
-Алматы
-Ақмола облысы
-Алматы облысы
-Маңғыстау облысы
-Түркістан облысы
-Air Astana әуе компаниясы.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қытайдан келген туристер саны 650 мың адамнан асып, 2019 жылмен салыстырғанда 9 есе өскен.
2024 жылы Қытайдан келген туристер елімізде 307 миллион АҚШ долларынан астам қаражат жұмсады.
ITB China көрмесіне қатысудың күтілетін нәтижелері:
-Қазақстанның туристік брендінің танымалдығын арттыру;
-Қытайдан және әлемнің басқа да елдерінен келетін туристерді тарту;
-Туристік ағынды көбейту және сала табысын ұлғайту;
-Халықаралық туроператорлармен және ұйымдармен келісімшарттар жасау.