10–24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен бокстан U22 Азия чемпионатында аруларымыз керемет көрсеткіш тіркеді.
Әйелдер арасындағы 12 салмақта финалға шыққан спортшыларымыз 9 алтын, 3 күміс медаль еншіледі!
⠀
Финалдағы 9 жеңістің 7-еуі мерзімінен бұрын аяқталды.
Азия чемпионатының жүлдегерлері:
🥇 Элина Базарова (54 келі)
🥇 Виктория Байдукова (57 келі)
🥇 Анар Тұрсынбек (60 келі)
🥇 Аружан Жаңабаева (63 келі)
🥇 Ұлдана Таубай (66 келі)
🥇 Бақыт Сейдіш (70 келі)
🥇 Шұғыла Нәлібай (75 келі)
🥇 Жібек Жарасқызы (81 келі)
🥇 Әсел Тоқтасын (+81 келі)
🥈 Ақбота Болат (48 келі)
🥈 Гүлнар Тұрапбай (50 келі)
🥈 Томирис Мырзақұл (52 келі)
Сонымен қатар, Халықаралық Бокс Федерациясы жеңімпаздарды ақшалай сыйақымен марапаттады:
🥇 – 1000 АҚШ доллары
🥈 – 500 АҚШ доллары
🥉 – 250 АҚШ доллары
Алтын саны бойынша көшбасшы:
1️⃣ Қазақстан – 🥇9 алтын
2️⃣ Вьетнам – 🥇2 алтын
3️⃣ Үндістан (бейтарап) – 🥇1 алтын