Меню
Страницы

Астанада Жоғары аудиторлық палатаның 30 жылдығына арналған Спартакиада өтті

Астанада Жоғары аудиторлық палатаның 30 жылдығына арналған Спартакиада өтті

11 шілде, сенбі күні Астанада ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына және өңірлік тексеру комиссияларының 15 жылдығына арналған кәсіби Спартакиада өтті.

Іс-шара бағдарламасына 4 спорт түрі енді:

⚽️ мини-футбол

🏐 волейбол

🏓 настольный теннис

♟️ шахматы

Жарысқа Жоғары аудиторлық палата мен тексеру комиссияларының 180 қызметкері қатысып, аймақтық қағидат бойынша жасақталған 8 командада (Солтүстік өңір, Шығыс өңірі, Орталық өңір және т.б.) бақ сынады. Финалдық кезеңнің алдында өңірлерде тиісті іріктеу жарыстары ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Спартакиаданың Жоғары аудиторлық палатаның мерейтойлық іс-шараларының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Жарыстың басты мақсаты – мемлекеттік аудиторлар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

«Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту саясатының маңызды бағыттарының бірі. Әрқайсыңыз тек жеңіс үшін емес, командалық рухты, өзара сыйластықпен адал бәсекелестікті дәріптеу үшін қатысасыздар деп сенемін», деді - Ә. Смайылов.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.

Осы күні әріптестеріне қолдау көрсету үшін Жоғары аудиторлық палата мен тексеру комиссияларының жүздеген қызметкері жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен ерекше көзгетүскен қызметкерлер естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жоғары аудиторлық палатаның 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясындағы келесі ірі оқиға жоғары аудит органдарының, орталық мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысатын халықаралық конференция болмақ. Конференция 2026 жылғы қыркүйек айына жоспарланған.

@auditpalatasy

Социальные медиа
Telegram
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері