Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Туризм

Туристік салада тәуелсіздік жылдары стратегиялық маңызды қадамдар қабылданды, оның ішінде нормативтік-құқықтық база дайындалды, саланы дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық құжаттар әзірленді, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың маңызды шаралары қабылданды.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысымен бекітілген).

Егер саланың негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, жыл сайынғы тұрақты оң динамика байқалады. Мысалы, орналастыру орындарының саны 2001 жылдан бастап 165-тен 4 303 бірлікке дейін, ал олардағы төсек-орындардың саны 16 мыңнан 225 мыңға дейін өсті. 4-5* қонақүй саны 5 бірліктен аспаса, 2025 жылдың басында олардың саны 78 бірліктен асты.

Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны 2009 жылғы 2,3 млн адамнан 2024 жылы 9,1 млн адамға дейін өсті. Аталған кезеңде (2009-2024 жж.) шетелдік туристер саны 513 мыңнан 980 мың адамға дейін 2 еседен астам өсті.

Туризм саласына жыл сайынғы инвестициялар көлемі 6,7 есе – 144 млрд теңгеден 975 млрд теңгеге дейін өсті.

Соңғы бірнеше жылды ерекше атап өткен жөн, жеке инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау және туристік дестинациялардың қолжетімділігін жақсарту мақсатында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2019 жылдан бастап жалпы сомасы 213,4 млрд теңгеге 139 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.

Мемлекеттік инвестициялардың жоғары көлемі жеке инвестициялардың өсуін ынталандырды. Мәселен, 2023-2024 жылдардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 114 млрд теңгеге 204 инвестициялық жоба іске асырылды. Олардың ішінде ең ірі жобалар – Алматы облысындағы «Ақ-Жайық» демалыс аймағы – 1,8 млрд теңге; Атырау облысындағы Infinity Mall сауда ойын-сауық орталығы – 10 млрд теңге және Keremet Park отбасылық паркі – 3 млрд теңге; Қарағанды облысында қонақ үйі бар РЕАЛ СОО құрылысы – 3 млрд теңге; Маңғыстау облысында виллалар мен пәтерлер кешенінің құрылысы – 7 млрд теңге; Шымкент қаласында Makhambet қонақ үйінің құрылысы – 4,9 млрд теңге.

Ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның имиджін тиімді маркетинг және ілгерілету бойынша практикалық шараларды іске асыру үшін 2017 жылы «Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы құрылды. Бүгінгі таңда Kazakh Tourism ұлттық туристік өнімді ілгерілету бойынша көптеген іс-шараларды іске асыратын елдің бренд-менеджері болып табылады.

Сондай-ақ, туризм саласында көрсетілетін қызметтер мен сервистің сапасын жақсарту мақсатында Елбасының бастамасымен 2019 жылы Түркістан қаласында Халықаралық Туризм және қонақжайлық университеті құрылды.

Соңғы жылдары Қазақстан туризм бойынша әртүрлі халықаралық рейтингтерде демалу үшін ең жақсы орындардың бірі, әсіресе экотуризм үшін бағыт ретінде жиі атап өтіледі.

2024 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) саяхат және туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан 119 туристік бағыттың ішінде 52-ші орынды иеленді. Алдыңғы рейтингте ел 66-шы орында болды.

Қазақстан Skyscanner деректері бойынша Үндістан нарығы үшін №1 дестинация болып табылады, 2024 жылы БАӘ-ден Ураз-байрамға (Eid Al Fitr) туристер үшін топ бағыттарды басқарды, сондай-ақ Travellink зерттеуі бойынша Қазақстан пандемиядан кейін туризмді қалпына келтірудің ең жоғары көрсеткішіне ие - 157% - Қытай азаматтары үшін ең танымал 50 туристік бағыттың ішінде, 1-ші орында да орналасқан.

The New York Times нұсқасы бойынша Алматы үздік 52 туристік бағыттың қатарына енді, ал Lonely Planet журналының нұсқасы бойынша Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға арналған үздік елдер тізіміне енгізілді. Сонымен қатар, Condé Nast Traveller Italia басылымы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын үздік 5 туристік бағытқа енгізді.

CNN Travel Қазақстанға ерекше мәртебе бере отырып, 2025 жылы саяхаттауға ұсынатын 25 бағыттың тізімін жариялады. Атап айтқанда, Алматы ең үздік туристік бағыттардың бірі болып танылды және керемет табиғи ландшафттар мен қарқынды дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті үйлестіретін бірегей атмосфераның арқасында Орталық Азияның «жаңа стилінің астанасы» атанды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданы Travel Green List тізіміне енгізілді, сондай-ақ Green Destinations Top 100 Story Awards нұсқасы бойынша «гүлденген қауымдастықтар» санатында 3-ші орынды иеленді. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанда болуы үшін визалық-көші-қон жағдайларын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Шетелдік келушілер санының өсуі халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіруге және визасыз режимді қалпына келтіруге тікелей байланысты. Мәселен, 2024 жылы төлқұжаттардың жалпыұлттық санаттары бойынша визасыз елдердің тізімі 87 мемлекетке дейін кеңейтілді.

Қазақстан Республикасында бесінші «әуе еркіндігін» пайдалана отырып, «ашық аспан» режимі қолданылады, оның шеңберінде шетелдік авиакомпаниялардың Қазақстан Республикасына қандай да бір шектеусіз тұрақты рейстерді орындауға мүмкіндігі бар. Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және рейстердің жиілігін арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Бұл режим 2024 жылдан бастап Қазақстанның 15 әуежайында жұмыс істейді. Халықаралық әуе қатынасы 31 елмен жолға қойылған. 2024 жылы 22 бағыт бойынша 14 елге жаңа рейстер жаңартылып, ашылды. 2025 жылы 11 елге (Корея, Қытай, Үндістан, Египет, Грузия, Түркия, Германия, Венгрия, Италия) 20 жаңа бағыт ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады.

- туроператорларды шетелдік турист үшін субсидиялау (15 мың теңге.);

- тау шаңғысы курорттары үшін техника мен жабдықтарды (аспалы жолдар, ратрактар, қар генераторлары) сатып алу бойынша өтеу (25%);

- туробъектілерді (10%), жол бойындағы сервис объектілерін (10%) салу кезінде өтеу;

- туравтобустарды сатып алу бойынша өтеу (25%);

- СГТ күтіп-ұстауын субсидиялау (83 300 тг.);

- турпакет (Kids Go Free) құрамында балалар авиабилетін өтеу.

Документы
Бұйрық
10 апреля 2026
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдік шығыстарының, қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу, қызметтік және кезекші автомобильдердің тиістілігі, әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаңдардың 2026 жылға лимиттерін бекіту туралы
Бұйрық
10 апреля 2026
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 2 қазанындағы №171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
НҚА жобасы
01 апреля 2026
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
«Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысанды және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда орналастыру орындары 61 млрд теңгеге қызмет көрсетті
Әлібек Шоқпаров: Туризм саласында жоғары білікті мамандарды дайындау туралы (презентация)
Даниел Сержанұлы: Туризм саласын ілгерілету бағытында атқарылған жұмыс жайлы (презентация)
Медиагалерея
8
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған ресми іс-шараға қатысып, министрлік қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
4
В 2024 ГОДУ ПРОФИЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ В ТУРКЕСТАНЕ ВЫПУСТИТ ПЕРВЫХ 460 СПЕЦИАЛИСТОВ ДЛЯ ТУРИСТИЧЕСКОЙ ОТРАСЛИ И ОТМЕЧАЕТ 5-ЛЕТНИЙ ЮБИЛЕЙ
События
19 апреля
21-ші «Туризм және саяхат» Қазақстандық халықаралық көрмесі, KITF
18 мая
Qazaqstan LIVE Fest халықаралық туристік көрмесі
17 ноября
Туризм және спорт вице-министрінің Қарағанды облысы тұрғындары және туристік бизнес өкілдерімен кездесуі
Реализуемые проекты
«Балалар туристік пойызы» жобасы
Перейти
«Алтын орда»
Перейти
Санитарлық-гигиеналық тораптармен туристер баратын орындарды қамтамасыз ету
Перейти
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Әдеп жөніндегі уәкіл
Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті
Часто задаваемые вопросы
Турагенттер тізіліміне қалай тіркелуге болады?

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында турагенттік қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.

Турагенттік қызметті жүзеге асыруды бастау үшін өтініш беруші портал арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуі қажет, elicense.kz → электрондық-цифрлық қолтаңба бойынша тіркелу → порталға кіру → келесі қойындылар бойынша өту: мәдениет → хабарлама тәртібі → турагенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама → қызметке онлайн тапсырыс беру → қажетті деректерді толтыру → электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою керек.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 47-бабына сәйкес тізілімнен үзінді-көшірме алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне жүгінеді және өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтініш беруші жіберген хабарлама туралы мемлекеттік электрондық тізілімнен үзінді көшірме беріледі.

Сонымен бірге, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 7-тармағына сәйкес, жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті. Осылайша, болашақта Сіз ұсынған ақпаратты өзгерткен кезде немесе қызметті тоқтатқан кезде Сізге тиісті хабарлама жіберу керек.

Туроператорлық қызметке лицензияны қалай алуға болады?

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

- туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің түрі;

Ең алдымен, кәсіпкер өз қызметін бастау үшін ЖК (жеке кәсіпкер) немесе ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ретінде тіркелуі қажет.

Бұдан әрі, туроператорлық қызметті бастау үшін elicense.kz порталы арқылы лицензия алуы керек.

Лицензия алу кезінде: 

- Қалыптастырылған туристік өнім;

- Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы;

- Жеке меншік құқығындағы немесе өзгеде заңды негіздегі кеңсеге арналған үй-жай;

- шығу туризмі саласының туроператорлары үшін: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты болуы қажет.

Бизнес өкілдері үшін туризм саласында қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған?

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілер үшін мемлекеттік қолдаудың 7 шарасы қолданылады.

Біріншіден, келу туризмі саласындағы әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау. Субсидиялар жарамды құжаттар ұсынылған жағдайларда, сондай-ақ шетелдік туристің орналастыру орындарында кемінде төрт күн және үш түн болғаны расталған, туристерді орналастыру орындарында е-Qonaq ақпараттық жүйесі арқылы шетелдік туристті тіркеген кезде келу туризмі саласындағы туроператорға төленеді. Субсидия мөлшері әрбір шетелдік турист үшін 15 000 (он бес мың) теңгені құрайды.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуеде тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау. Субсидия ішкі туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнімге енгізілген кәмелетке толмаған жолаушыға алған билеттің құны үшін төленеді. Субсидиялар туроператорға кәмелетке толмаған жолаушының әуе билеті құнының 100% мөлшерінде төленеді.

Үшіншіден, тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:1) аспалы жолдар (траволаторлар (таспалы көтергіштер), бугель (шынжырлы көтергіш), кабельді-креслолық жол, кабина түріндегі гондолалық жол, комби (аралас жол (креслолары бар кабинка), бейби лифт (тіреусіз ілмекті көтергіш);2) трассаларды жасанды қардан тазарту жүйесі (жылжымалы қар генераторлары (тасымалдау), стационарлық қар генераторлары, қар мылтықтары мен зеңбіректері);3) қар тығыздау техникасы (ратр раковиналары).Өтемақы мөлшері тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника құнының 25% құрайды.

Төртіншіден, жол бойындағы қызмет объектілерін салу бойынша шығындарды өтеу.Шығындардың бір бөлігін өтеуге жататын жол бойындағы қызмет объектілері жол бойындағы белдеуде орналасқан ғимараттар мен құрылыстар (мотельдер, қонақ үйлер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожанармай құю станциялары, тамақтану, сауда, байланыс, медициналық көмек пункттері, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері және өзге де қызмет көрсету объектілері). Өтеу мөлшері жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген жол бойындағы қызмет объектілерін салу құнының 10% -н құрайды.

Бесіншіден, санитарлық-гигиеналық тораптарды (бұдан әрі-СГТ) ұстауға субсидиялау. СГТ қағидаларына сәйкес – туристер үшін тартымды аумақтарда және (немесе) автомобиль жолдары бойында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан немесе санитариялық және гигиеналық рәсімдерге арналған жол бойындағы қызмет объектісіне кіретін абаттандырылған жеке тұрған стационарлық немесе жылжымалы құрылым (ерлер мен әйелдер үшін жеке кабиналары барб мүгедектер үшін қолжетімді, дәретхана, раковиналармен, желдету, жарықтандыру жүйелерімен және жеке гигиена құралдарымен жабдықталған).СГТ-ды ұстауға субсидиялау олардың санитарлық жағдайын сақтау үшін ай сайын 83 300 теңгені құрайды.

Алтыншыдан, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу. Өтелуге жататын туристік қызмет объектілері табиғи объектілер мен табиғи-климаттық аймақтар, көрікті жерлер, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті өзге де объектілер болып табылады. Өтеу мөлшері жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген туристік қызмет объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға жұмсалған шығындар құнының 10% -н құрайды.

Жетіншіден, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу шығынының бір бөлігін өтеу. Осы мемлекеттік қолдауды алушылар «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілер болып табылады.Бұл ретте, 5 жыл ішінде автокөлік құралын мақсатсыз пайдалануға және иеліктен шығаруға жол берілмейді.Өтемақы мөлшері автокөлік құралдары құнының 25% -н құрайды.

Осы шараларды енгізу және іске асыру Қызмет көрсету сапасын жақсарту және кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің туристік өнімдерін ілгерілету жөніндегі жұмысын күшейту есебінен ішкі туристер ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Социальные медиа

Telegram
Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты