Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасымен жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын жаһандық ақпараттық науқан ретінде аталып өтеді.
Осыған орай, 2025 жылғы 18 сәуірде «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған облыстық іс-шара Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының мәжіліс залында өтті.
«Дөңгелек үстел» отырысына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Айбосынов Қайрат Бейсенбайұлы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу және шешу бөлімінің басшысы Имаш Марат Мерекеұлы, Жамбыл облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қарашолақов Бағлан Жиенәліұлы, салалық кәсіподақтар, әр саланың қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Жарылқасын Айтақов жүргізді.
Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу және бірлескен ынтымақтастықты арттыру жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының жылына орай еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында белсенділік танытқан қызметкерлерді облыс әкімінің құрмет грамотасымен, алғыс хатымен және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапатталды.