«Өз құқығыңды біл» акциясы аясында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кездесу өтті

«Өз құқығыңды біл» акциясы аясында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кездесу өтті

Қала прокуратурасының үйлестіруімен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Өз құқығыңды біл» акциясы шеңберінде Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Е.Т. Ибраимов еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында еңбек қатынастары саласындағы заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндіріліп, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.