
Мойынқұм ауданында “Жамбыл цемент өндірістік компаниясы” ЖШС, “Мыңарал тас компаниясы” ЖШС-де еңбек заңнамасының енгізілген өзгерістермен толықтыруларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Жансұлтан Қалиев түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек қорғау талаптарын сақтау мен қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.