
Рәміздер — елдігіміздің өшпес шежіресі🇰🇿
Әр мемлекеттің әлемдік картада өз орнын айқындайтын қасиетті белгілері болады. Біз үшін ол — ашық аспан түстес Туымыз, шаңырағымызды асқақтатқан Елтаңбамыз және рухымызды оятатын Әнұранымыз.
Мемлекеттік рәміздер күні — тек күнтізбедегі мереке емес, бұл — ұлттық рухты ұлықтайтын, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті шыңдайтын ерекше күн. Рәміздерімізді қастерлеу — әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!