
📌 ЕҢБЕК ШАРТЫ ЖӘНЕ ЕШЕБЖ: ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерді жұмысқа жібермес бұрын онымен жазбаша түрде еңбек шартын жасасуға міндетті.
ҚР Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес:
Еңбек шарты кемінде екі данада жасалып, тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан беріледі.
ҚР Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес:
Еңбек шартында міндетті түрде:
* тараптардың деректері;
* жұмыс орны мен лауазымы;
* еңбек функциясы;
* еңбек жағдайлары;
* жұмыс және тынығу уақыты көрсетілуі тиіс.
ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағына сәйкес:
Жұмыс беруші еңбек шарттары туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізуге міндетті.
📌 Мәліметтер жүйеге еңбек шарты жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.
⚠️ Еңбек шартын жасаспау немесе ЕШЕБЖ жүйесіне енгізбеу — еңбек заңнамасын бұзу болып табылады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
* лауазымды тұлғаларға;
* шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салынады.