«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға арналған диалог алаңы өтті

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға арналған диалог алаңы өтті

🔹 «Әйел өндірісте: Еңбек жағдайы, құқығы және қауіпсіздігі»

19 мамыр күні «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға арналған диалог алаңы өтті.

Іс-шара барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Мухатаева Жанат Жетібайқызы «Өндірістегі қауіпсіздік: әйелдерге арналған шектеулер мен кепілдіктер қалай сақталады?» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

👩‍🏭 Әйелдердің қауіпсіз еңбегі, заңмен қорғалуы және қолайлы жұмыс жағдайы — қоғам назарындағы маңызды мәселе.