Жамбыл облысындағы «НДФЗ» ЖШС «Фосфор зауыты» филиалының басшылығымен кездесу өтті

Жамбыл облысындағы «НДФЗ» ЖШС «Фосфор зауыты» филиалының басшылығымен кездесу өтті

Жамбыл облысындағы «НДФЗ» ЖШС «Фосфор зауыты» филиалының басшылығымен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігіне қатысты талаптарын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Аталған іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Әбді Бекжан Нұрланұлы қатысып, еңбек қауіпсіздігін сақтау, өндірістегі тәуекелдердің алдын алу және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында еңбек қорғау талаптарын сақтау мен қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

✅ Қауіпсіз еңбек – әрбір қызметкердің басты құқығы!