
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Ауезов атындағы орта мектебі КММ-де мемлекеттіе еңбек инспекторы Н.Досмахановтың қатысуымен жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы қаралды. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек шарттарының рәсімделуі, жұмыс уақыты мен демалыс режимінің сақталуы, еңбекақы төлеу тәртібі және өндірістік қауіпсіздік талаптарынына нұсқамалар берілді.