
Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Н.Досмаханов тарапынан 2026 жылғы 20 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаменті Шу ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «АБЗ АКТАС» ЖШС қатысты №2-659 хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 5-6 және 8 мамыр аралығында Шу ауданы, Шу қаласы, «SHENGTAI BIOTECH CO LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы қаралды. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек шарттарының рәсімделуі, жұмыс уақыты мен демалыс режимінің сақталуы, еңбекақы төлеу тәртібі және өндірістік қауіпсіздік талаптарынына нұсқамалар берілді.