«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Жамбыл» филиалында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ағымдағы жылдың 28 сәуірінде іс-шара өткізілді.

Іс-шараға теміржол саласының еңбек ұжымдары және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Кураметов Бахытжан Сейтбекұлы қатысты. Іс-шараның тақырыбы: «Қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасы – қызметкерлердің өркендеуі мен ұйымның тұрақтылығының негізі».
Іс-шара барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарының, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндірді.