28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні орай «Қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасы: қызметкерлердің өркендеуі мен ұйымның тұрақты дамуына жол» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты басымдықтары:
1. Психологиялық қауіпсіздік:
Еңбек қауіпсіздігі тек дулыға мен қолғаппен ғана шектелмейді, сонымен қатар қызметкердің ішкі психологиялық жай-күйін қамтамасыз ету де маңызды.
2. Теңгерім (Balance):
Жұмыс жүктемесін оңтайлы бөлу және қызметкерлердің шамадан тыс жүктемесін болдырмау.
3. Сенім мен коммуникация:
Ұжым ішіндегі ашық, тиімді және салауатты қарым-қатынасты дамыту.
📊 Жиын барысында өңірдегі өндірістік жарақаттану деңгейіне терең талдау жүргізілді. Нәтижесінде келесі негізгі ұсыныстар берілді:
• «Нөлдік жарақат» (Vision Zero) тұжырымдамасын барлық кәсіпорындарда енгізу;
• «Халықтық бақылау» жобасы арқылы қоғамдық бақылауды күшейту.
🏆 Үздік мамандарды ұлықтау: Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан үздік қызметкерлер марапатталды.
• Заңнамалық түсіндіру: Қатысушыларға еңбек кодексіндегі соңғы өзгерістер мен жұмыс берушінің жауапкершілігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.