
2026 жылғы 14–16 сәуір аралығында Меркі, Т.Рысқұлов және Қордай аудандарында аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдастыруымен маңызды кездесулер өтті. Іс-шараларға жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдері, сондай-ақ жекеменшік балабақша қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Жамбыл облысы бойынша еңбек инспекциясы департаменті еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Ж.Мухатаева, Мемлекеттік аннуитеттік компания АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының директоры Рапилбек Акбота Бериковна және Standard Life ҚСЖ АҚ бас менеджері Қуанбаева Дана Бақытбекқызы қатысып, өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу аясында жұмыс берушінің қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруы, еңбек шарттарын enbek.kz (E-HR) ақпараттық жүйесіне енгізу, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты заңнамалық талаптар кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін күшейту болды.