
2026 жылғы 10 сәуір күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Б. Алшынбаеваның ұйымдастыруымен профилактикалық жұмыс аясында лудоманияның алдын алуға бағытталған онлайн-семинар өткізілді.
Семинарға Амуртаева Динара Талғатқызы — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты және Қарымсақова Әсел Серікқазықызы — аталған академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, педагогика және психология магистрі қатысты.
Олар «Лудомания — мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне қауіп» және «Лудомания: Қазақстан Республикасындағы құқықтық жауапкершілік» тақырыптарында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — құмар ойындарға тәуелділік (лудомания) кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауаптар алды.