
2026 жылдың 8 сәуір күні Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйыдастыруымен ауданымыздағы ЖК, ЖШС өкілдерімен және жекеменшік бала-бақшалар қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Аталған жиынға Жамбыл облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Н.Досмаханов және Ж.Мухатаева, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Рапилбек Акбота Бериковна және «Standard life» ҚСЖ АҚ бас менеджері Қуанбаева Дана Бақытбекқызы қатысып, жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру, еңбек шартын enbek.kz (E-HR) жүйесіне енгізу және ұйымда бекітілген ұжымдық шартты цифрландыру (оцифровка) туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.