“Қаратау” тау-кен өңдейтін комплексінде жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстары

“Қаратау” тау-кен өңдейтін комплексінде жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстары

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Әбді Бекжан,
2026 жылдың 24 наурызында «Казфосфат» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Қаратау» тау-кен өңдейтін комплексінің конвейер машинистімен (жұмыскерімен) орын алған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасудың маңыздылығын, еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесіне (E-HR) енгізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.