
Жамбыл облысында еңбек қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды
2026 жылғы 26 ақпанда мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Мұндай кездесулер еңбек заңнамасын түсіндіру, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, сондай-ақ еңбек шарттарын жақсарту бағытында маңызды рөл атқарады.