
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ СТАЛКИНГ БОЙЫНША ЖАҢА НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Ж.Қалиев пен А.Ажиров бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау шеңберінде «Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесіп, еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында еңбек заңнамасындағы өзгерістермен қатар, Мемлекет басшысының 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойған Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» туралы да айтылды. Аталған норма 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Түсіндіру барысында сталкинг ұғымы, оның заң алдындағы жауапкершілігі және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері жөнінде қысқаша ақпарат берілді. Қатысушыларға заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі ескертілді.