Мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп кодексі мен жұмыс уақыты режимі бойынша семинар

Мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп кодексі мен жұмыс уақыты режимі бойынша семинар

Мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп кодексі мен жұмыс уақыты режимі бойынша семинар

2026 жылғы 05 ақпанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж. Тамаевтың қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар барысында жауапты маман мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, мемлекеттік қызметті атқарумен байланысты шектеулер, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы бойынша түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына қысқаша тоқталып өтті.
Сондай-ақ мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу, қызметтік автокөліктерді тек лауазымдық міндеттерді және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.