Ақпараттық түсіндіру жұмыстары
Өткен аптада Жамбыл облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Қалиев Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының, сондай-ақ осы басқармаға қарасты мамандандырылған базаның басшылығымен бірлесіп, аталған базаға (жұмыс берушіге) қатысты өтініш жолдаған жұмыскерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмыскерлердің мәселелері тыңдалып, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.