
Меркі ауданы әкімінің қатысуымен өткен үшжақты комиссияның кезекті отырысына мемлекеттік еңбек инспекторы А. Ажиров қатысып, еңбек заңнамасының негізгі талаптары мен өзгерістері бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Отырыс барысында еңбек қатынастарын заң аясында реттеу, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтар мен міндеттер, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу, еңбек дауларын шешу жолдары және бақылау-қадағалау тетіктері туралы нақты мысалдар келтіріліп, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берілді. Кездесу қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар қабылданды.