Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және шектеулер мәселелеріне арналған семинар

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және шектеулер мәселелеріне арналған семинар

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және шектеулер мәселелеріне арналған семинар

2025 жылғы 26 қарашасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы С.Т.Джузбаева семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында жауапты маман мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулердің, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы бойынша түсіндірмелер берді.
Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу, қызметтік автокөліктерді тек лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану мәселелеріне тоқталып өтті.
Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатындығы ескертілді.
Іс-шара соңында қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.