
Мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі семинар
2025 жылғы 26 қарашасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде профилактикалық жұмыс мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға Тараз қаласы 1-ші полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Сарбаев Руслан қатысты.
Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болуының алдын алу шаралары, есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес тұтынудың салдары, сондай-ақ мас күйінде көлік құралдарын басқарудың құқықтық аспектілері талқыланды. Қоғамдық тәртіпті бұзуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік шараларына ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкері мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті түсіндірді.