
2025 жылғы 24 қараша күні Департаментте мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 24 қараша күні мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.
Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Ж.Мұхатаева Департамент қызметкерлерінің назарына мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі жөнінде айтып, түсіндірді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарына қатысуға, бәс тігуге және құмар ойын мекемелеріне баруға тыйым салынатындығы туралы шектеулер енгізілгені туралы атап өтті.
Сондай-ақ, 2025 жылдың 14 қараша күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысумен өткен семинар кеңестің хаттамасына талдау жасап тиісті шараларды қабылдау үшін тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Департамент басшысының м.а. Н.Сейдалиев семинарды қорытындылай келе, Департамент қызметкерлеріне әдеп нормаларын қатаң сақтау жөнінде ескертті және мемлекеттік қызметкер өзінің мемлекеттік қызметші атына сай болуы қажеттігі туралы айтты.