Еңбек күні – еңбектің қадірін дәріптейтін мереке!
Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» атап өтіледі.
Бұл күн – қарапайым жұмысшылардың, түрлі сала мамандарының еңбегін ұлықтап, қоғамға қосқан үлесін бағалау күні.
Әрбір еңбектің артында табандылық, жауапкершілік және адалдық бар.
Еңбек – елдің дамуының негізі, әрбір жетістік пен табыстың бастауы.
2025 жылғы 30 қыркүйекте Жамбыл облысында Еңбек күніне орай еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында «Еңбек күні» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара мақсаты – қоғамның қозғаушы күші саналатын еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу, олардың мәртебесін көтеру және жұмысшы мамандықтарына деген қоғамдық құрметті арттыру. Марапаттау рәсімі барысында қоғамдық тамақтану, құрылыс, коммуналдық қызмет, өндіріс, көлік және газ қауіпсіздігі салаларында адал еңбек етіп жүрген үздік мамандар лайықты марапатқа ие болды.