Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде «Еңбек күні» аталып өтеді.
Осыған орай, Жамбыл облысында «Еңбек адамы – 2025» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, барша еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген, адал еңбегімен еленген жұмысшылар Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.