🔰Жамбыл облысында еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуына байланысты шара қолданылды

🔰Жамбыл облысында еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуына байланысты шара қолданылды

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Ж.Бекмұрзаев, Н.Досмаханов «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шарушылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2025 жылдың 03-09 қыркүйек аралығында жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Жоспардан тыс тексеру барысында Мекеме тарапынан жұмыс берушімен жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары жасалмағандығы анықталды.
Бұл Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23 бабының 2 тармағының 15) тармақшасын және 182 бабының 2 тармағының 14) тармақшасын бұзу болып табылады
Жоғарыда жазылғандардың негізінде, жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасамауына байланысты бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды.