🔰Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Т.Қуанышев пен Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Б.Қалиев «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №26 мекемесі» РММ-де жазасын өтеп жүріп, жұмыс атқаратын азаматтармен кездесті.
Кездесу барысында азаматтарға адам құқықтары мен еңбек заңнамасына қатысты (құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың жеке құқықтарын білу және дұрыс пайдалану, жұмыскерлердің жеке қауіпсіздігін сақтау, еңбек ету кезіндегі құқықтарды меңгеру және қолдану және т.б.) түсіндіру жұмыстары жүргізілді.