🔰Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

🔰Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

🔰Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

Өткен аптада Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Қалиев Мойынқұм ауданындағы бірқатар кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты — жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға қатысты заң талаптарын түсіндіру болды.
Себебі жұмыскерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру — жұмыс берушінің таңдауы емес, заңмен белгіленген міндет екені баршаға мәлім. Бұл талап барлық жұмыс берушілерге, оның ішінде кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы саласына және басқа да салалардағы жұмыс берушілерге толық көлемде қатысты.