🔰Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары Б. Әбді мен Н. Досмаханов Шу ауданында бірқатар жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, жұмыскерлер өз қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандырудың қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.