🔰 Әлеуметтік-еңбек саласын заңдастыру жиыны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Мұхатаева Жанат Жетібайқызы және еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Ажиров Әділет Ешенханұлы Меркі аудан аумағында жұмыскерлердің еңбек қызметін атқару барысында жазатайым оқиғалардан сақтандыру, «Скорингтік модельге» енген еңбек тәуекелі жоғары кәсіпорындармен жұмыс жүргізу, еңбек шарттарын e-HR базасына енгізу, сондай-ақ аудан аумағында инвестициялық жобалар арқылы ашылған жаңа жұмыс орындарына жұмысшыларды орналастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔰 Жиынға Меркі аудан әкімінің орынбасары К. Артымбаев, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Алтынбаев, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Н. Нарікбаев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н. Төлебаев, бөлім басшысының орынбасары А. Омар және аудандық Мансап орталығының маманы М. Дәмен қатысты.