Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу.

2025 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде профилактикалық жұмыс аясында мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалаудың алдын алуға бағытталған іс-шара өткізілді.
Іс-шараға "Елу жылда — Ел жаңа" қоғамдық бірлестігінің басшысы, ұйымдастырушы Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы және М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің "Әлеуметтік психология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Турдалиева Шолпан Турсумбаевна қатысты.
Шара барысында мемлекеттік органдарда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жұмыс орнында қауіпсіз әрі өзара құрметке негізделген ортаны қалыптастыру, жыныстық қудалау мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.