Мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы



2025 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде профилактикалық жұмыс аясында мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуының алдын алуға бағытталған іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушысы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы қатысты.
Шара барысында дінтанушы мемлекеттік қызметшілерге деструктивті діни ағымдардың (радикалды, экстремистік немесе заңсыз танылған діни ұйымдар) қызметіне араласудың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.