Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті инспекторларымен Zoom платформасы арқылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті бастамашылық еткен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналды.
Іс-шара барысында министр сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінің алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.
Кеңес барысында өзекті мәселелер талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар қарастырылды.