Астана каласы әкімінің, орынбасары Е.С. Мейірхановтың төрағалығымен
әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті екінші отырысы өтті. Отырысқа әлеуметтік әріптестіктің тараптары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың, өкілдері қатысты. Отырыс барысында өндірістік жарақаттану жағдайларының өсуіне жол берген жұмыс берушілерге қатысты қабылданып жатқан шаралар мен кәсіпорындардағы жарақаттану себептері қаралды. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сактандыру жүйесіне қатысушылар санының азауы мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектін артуы мэселелеріне ерекше назар аударылды. Отырыс қорытындысы бойынша тараптардың өзара
келісімімен әлеуметтік тұрақтылықты камтамасыз ету және енбек қатынастарындағы әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.