Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Іс-шара барысында жоспардан тыс тексерулерді тіркеу және жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер түсіндірілді. Тексерулер жүргізу мерзімдеріне, оларды ресімдеу тәртібіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде барлық рәсімдердің сақталуына ерекше назар аударылды.
Аталған кездесулер мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.