
Еңбек инспекциясы департаменті Астана қаласының прокуратурасымен «ЗАҢ және ТӘРТІП» қағидаты шеңберінде бірлесіп, елорда аумағында коммуналдық шаруашылық қызметін жүзеге асыратын «Астана Тазалық» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қызметкерлерге қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар түсіндірілді.