
2026 жылғы 12 мамырда Еңбек инспекциясы департаменті Кәсіподақ орталығымен бірлесіп, БҰҰ-ның даму құқығы жөніндегі Арнайы баяндамашысы Сурья Дева мырзаның ресми сапары аясында «BI Group» Холдингінің алаңында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «BI Group» Холдингінің өкілдері қызметкерлермен және кәсіподақтармен өзара іс-қимыл тәжірибесі туралы ақпарат беріп, әлеуметтік дамуына бағытталған компанияның оң бастамаларын таныстырды.