Департаментпен «Stroygood» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Департаментпен «Stroygood» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Астана қаласының Еңбек инспекциясы департаменті құрама темірбетон және бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын «Stroygood» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар түсіндірілді. Өндірістік операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау мәселелеріне, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушінің міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, заңнама нормаларын қолданудың тәжірибелік мысалдары келтірілді және бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсынымдар берілді.