ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ПЕН ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНIНДЕГI ҚАЛАЛЫҚ ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ПЕН ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН  РЕТТЕУ ЖӨНIНДЕГI ҚАЛАЛЫҚ ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

* Қала жұмыс берушілерінің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару жағдайы;

* қала кәсіпорындарының еңбек заңнамасының нормаларын сақтауы;

* кәсіпорын қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды орындау;

* еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі сәйкессіздіктерді жою.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп:

* борышкер кәсіпорындардың тізбесін қалыптастыру және тексерулерді, хабарламаларды және өндіріп алуды қоса алғанда, ықпал ету шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

* міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті экономика салалары мен ірі жұмыс берушілер бойынша бөле отырып талдау жүргізу, сондай-ақ борышкерлер тізіміне енгізілген тоқтатылған және әрекетсіз кәсіпорындарды айқындау;

* түсімдердің ай сайынғы мониторингін және берешекті өтеу динамикасын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұдан басқа, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарайшық аудандары әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп Борышкер кәсіпорындармен атаулы жұмыс жүргізу тапсырылды.