KIOSH 2026

KIOSH 2026

Астана қаласында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 14-ші қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі – KIOSH 2026 өтуде. Биыл көрме 9 елден келген 87 компанияны бір алаңға жинады. Олардың қатарында Әзербайжан, Бельгия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Ресей, Түркия және Өзбекстан бар. Халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін 53 шетелдік компанияның қатысуы дәлелдейді, ал отандық тараптан 34 кәсіпорын ұсынылған. Сонымен қатар 18 компанияның көрмеге алғаш рет қатысуы қауіпсіздік саласының қарқынды дамып, кәсіби қауымдастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.