
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы, 28-баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтерді, сондай-ақ осы Кодекстің 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.
Көрсетілген мәліметтерді уақтылы енгізбеу немесе енгізбеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің жауапкершілігіне әкеп соғады, оның ішінде әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін.
Аталған талаптар барлық жұмыскерлерге, оның ішінде шетелдік жұмыскерлерге де қолданылады.