"Luna" ТҮК құрылыс объектісінде еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлерді сақтандыру мәселелерін талқылады

"Luna" ТҮК құрылыс объектісінде еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлерді сақтандыру мәселелерін талқылады

Астана қаласы, Есіл ауданы, Хусейн бен Талал көшесі, 33а учаскесінде орналасқан «Luna» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында Еңбек инспекциясы департаменті, «МАК» ӨСК» АҚ, мердігер ұйым «Мәңгілікстрой (Mangilikstroy)» ЖШС өкілдері және еңбек ұжымдарының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара еңбек заңнамасы саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталып, құрылыс жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік талаптары мен еңбекті қорғау нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында жұмыс берушілерге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша талаптар қосымша түсіндірілді. Бұл еңбек құқықтарын қорғаудың және қызметкерлердің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.