
Еңбек инспекциясы департаменті Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының прокуратурасымен бірлесіп «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде, сондай-ақ еңбек заңнамасы саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын күшейту, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларының талаптарын сақтау бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Астана Су арнасы» ШЖҚ МКК, «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана-зеленстрой» ЖШС, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Есо System» ШЖҚ МКК және «№1 автобус паркі» АҚ өкілдерімен кездесу өткізді.
Сонымен
қатар, жұмыс берушілерге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша олардың міндеті жеткізілді.