HR Enbek: еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы енгізілді

HR Enbek: еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы енгізілді

HR Enbek: еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы енгізілді

Енді еңбек қатынастарына қатысты өзекті емес мәліметтерді қызметкерлер hr.enbek.kz порталында өз бетінше түзете алады.

Егер жұмыс берушімен байланысу мүмкін болмаса, түзетуге арналған өтініш тікелей жеке кабинет арқылы жіберіледі.

Өтінішті қалай беруге болады:

  1. enbek.kz порталындағы жеке кабинетке кіру.
  2. «Электрондық еңбек кітапшалары» модуліне өту.
  3. Қажетті еңбек шартын таңдап, әрекетті көрсету: «Өңдеу», «Жою» немесе «Бұзу».
  4. Нысанды толтырып, өтінішті ЭЦҚ арқылы қол қою. Өтініш «Түзетуге арналған сұранымдар» бөлімінде көрініп, оның мәртебесін бақылауға болады.

Жұмыс берушіге өтінішті қарастыру үшін 3 жұмыс күні беріледі. Жауап болмаған жағдайда, өтініш автоматты түрде уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жіберіледі.

Енгізілген функционал еңбек өтілінің дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді және жаңартылған заңнама жағдайында қызметкерлердің құқықтарын қорғайды.