
Еңбек инспекциясы департаменті Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп «ЗАҢ және ТӘРТІП» қағидаты шеңберінде, сондай-ақ, еңбек заңнамасы саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын күшейту, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларының талаптарын сақтау бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК өкілдері және еңбек ұжымымен кездесу өткізді.