Елорда кәсіпорындарындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалау және еңбекті қорғау жағдайы

Елорда кәсіпорындарындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалау және еңбекті қорғау жағдайы

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 182-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің кәсіптік тәуекелдерге бағалау (бұдан әрі - КТБ) және профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз процестерге ауыстыру жолымен оны барынша азайту және алып тастау жөнінде шаралар қабылдау міндеті бекітілген.

Ағымдағы жылы елорда кәсіпорындарында ұйымдар кәсіби тәуекелдерге 7 бағалау жүргізді.

Жалпы алғанда, өндірістік жарақаттануды талдау жазатайым оқиғалардың ең көп тараған себептері:

- жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;

- Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудағы кемшілік;

- арнайы техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу, сондай-ақ ақаулы жабдықты пайдалану;

- еңбек тәртібін бұзу;

- жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер.

Сонымен қатар, компанияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекітуді жұмыс беруші «Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы №927 бұйрығымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Сондай-ақ, КТБ "Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі 363 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына оқыту сапасын арттыру, сондай-ақ еңбек тәртібінің сақталуын және жабдықтың техникалық жай-күйін жүйелі бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігі белгіленді. Аталған шараларды іске асыру өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және елорда кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.